Қалада апта сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасуда. Кезекті жәрмеңкеге 56-ға жуық кәсіпкер қатысты.
Атап айтқанда:
Саяжай өнімдері бойынша – 31 кәсіпкер;
Ет өнімдері бойынша – 15 кәсіпкер;
Шошқа еті бойынша – 4 кәсіпкер;
Сүт өнімдері бойынша – 6 кәсіпкер.
Жәрмеңке аясында жалпы көлемі 8,6 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылды.
Мұндай жәрмеңкелер қала тұрғындарын қолжетімді бағадағы сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.