«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты кең ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – өзен-көлдердің жағалауларын тазарту және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту.
Іс-шараға мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері мен депутаттар және мектеп оқушылары қатысты. Жұмыс барысында 6 техника жұмылдырылып, 300 текше метр қоқыс шығарылды.
«Мөлдір бұлақ» акциясы – «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бөлігі. Бұл бастама арқылы еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру көзделген.
Акция барысында аудан орталығының сыртқы жағының солтүстік бөлігі тазартылды.