16.05.2025 в 13:00

Сәтбаев қаласының көшелері жаңғыруда

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі Абай көшесіне арналған бірыңғай үлгідегі эскиздік жобаны ұсынды.
Аталған жоба осы көше бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің, шағын және орта бизнес нысандарының, әлеуметтік мекемелер мен сыртқы жарнама конструкцияларының заманауи және үйлесімді стильде безендірілуін көздейді. Сонымен қатар, көше абаттандыруының бірегейлігін қамтамасыз ету де басты назарда.
Қала әкімі Мұрат Бөрібаев Абай көшесі мен Сәтбаев даңғылында бекітілген эскиздік жоба бар екенін, сондықтан жаңа бастамалар осы жобадан ауытқымауы тиіс екенін атап өтті.
Сәулеттік үйлесімділік – қаланың ажарын айқындайтын маңызды фактор.