15.05.2025 в 19:36

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстанда 12–16 мамыр аралығында республикалық Репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Шараның басты мақсаты – қазақстандықтарға болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін өз денсаулығына дер кезінде көңіл бөлу қаншалықты маңызды екенін еске салу. 

Осы ретте бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылған Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы – ауқымды ақпараттық-ағарту акциясын белсенді қолдау мақсатында, Жезқазған қаласының жоғары облыстық колледжінің оқушыларымен кездесті.  Онда акушерлік ісі және гинекология пәнінің оқытушысы Ж. Я. Муслимова "Қалаусыз жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды. 
Кездесуге әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Э.К.Алпанбаева, Сәтбаев қаласы мешітінің имамы  Е.Такеев қатысып, жастарман моральдық тұрғыдан әңгіме жүргізді.
Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы тақырыбы Сәтбаев қаласының емханасы, Жаңарқа көпсалалы орталық аудандық ауруханасының, Жезқазған қаласы емханасының сәйкесінше Сәтбаев индустриалды колледжіндегі, Амалбеков атындағы Жаңаарқа орта мектебінде,  Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінде өткізген көшпелі іс-шараларында да көтерілді.
Оқушылар мен студенттерге олардың өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды ақпарат берілді.

Репродуктивті денсаулық апталығы – мамандардан кеңес алып, тексеруден өтуге, өз денсаулығы жайлы маңызды сұрақтарға жауап табуға тамаша мүмкіндік. Ең бастысы – ұялмай, ашық сөйлесу және болашақ денсаулыққа бүгіннен бастап қамқор болу.