«Еңбекке құрмет» акциясы жүйелі түрде өтуде

Рейтинг
15.05.2025, 15:21
«Еңбекке құрмет» акциясы жүйелі түрде өтуде

Қалада еңбек адамына деген құрметті арттыруды мақсат еткен «Еңбекке құрмет» акциясы жүйелі түрде өтуде. Бұл жолы эстафетаны «Tranco Express» мекемесі қабылдап, өз ұжымындағы үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.
Іс-шараға қала әкімі Мұрат Бөрібаев арнайы қатысып, қызметкерлерге адал еңбектері мен қоғамға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Әкім өз сөзінде еңбек адамын қадірлеу – елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мұндай акциялар ұжым ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтатынын айтты.
Мекеме басшылығы да өз қызметкерлеріне алғысын білдіріп, марапаттау рәсімін өткізіп, ынталандыру шарасын жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Акция аясындағы еңбек эстафетасы келесі болып №1 жылу беру станциясына жолданды. Бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қаладағы түрлі мекемелер мен ұйымдар арасында еңбек мерекесіне айналмақ.

Тағы да оқыңыздар:

Сұхбат

PhotoRoom