Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Рейтинг
15.05.2025, 10:58
Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

14 мамыр күні халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесі мәресіне жетті. Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылы маңынан басталған жорық бес күн бойы жалғасып, Қонаев қаласында өз мәресіне жетті. Жорық жолы 500 шақырымды құрап, нағыз төзімділік пен шеберлікті талап етті.

Жеңімпаздар үштігі мынадай болды:
    1.    Астана қаласы – 31:19:05
    2.    Қырғыз Республикасының І командасы – 32:26:57
    3.    Ұлытау облысы – 32:33:00

Ұлытаулықтар – Ұлы рухтың иелері
Ұлытау облысының командасы биылғы жарыста ерекше көзге түсті. Бес күндік жорықта олар даланың қиын жолын бағындырып, табандылық пен төзімділіктің нағыз үлгісін көрсетті. Бұл — тек спорттық жетістік емес, Ұлытаудың тарихи-мәдени рухын қайта жаңғырту, ұрпаққа үлгі ету жолындағы үлкен қадам.

Команданың жетекшісі Темірбеков Дәурен жорықтың ауырлығын былай сипаттады:

«Бұл бес күн аттар үшін де, шабандоздар үшін де оңайға түскен жоқ. Қиыршық тасты жолдармен жүріп өттік, шөл даланы артқа тастадық, құмды дауылға тап болдық. Арасында сіркіреген жауынның астында қалдық. Бірақ соған қарамастан, жігіттер де, тұлпарлар да берілмеді. Бұл – рухтың жеңісі», – дейді ол.

Ұлытау намысын қорғаған шабандоздар:
    •    Бектаев Ғалымжан
    •    Оразғалиев Жақсылық
    •    Абдолұлы Мағжан
    •    Мұхамеджан Тұрақ
    •    Абенов Медет

Олар табиғаттың тосын мінезі мен жол азабына мойымады. Әр шақырым сайын ерлік пен еңбектің, тәртіп пен төзімділіктің сынынан өтті.

Тағы да оқыңыздар:

Сұхбат

PhotoRoom